22.10.2022-24.10.2022 күндер аралығында, 25 қазан- Республика күні мерекесіне орай Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы мен “Қазақстан адам ресурстары” ЖМ-ның ұйымдастыруымен студент жастар арасында “Қыран елім- Қазақстаным” атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау Instagram және Tiktok желілері арқылы өтіп, жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.

 

Жеңімпаздар ішінде Алматы темір жол көлігі колледжіміздің 2 курс студенті Нұрқасымов Абзал 3 орынды иеленіп, жүлделі сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!