Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақселеу Сейдімбек-Ұлы Даланың дара тұлғасы” атты еске алу кеші өтті. Сонымен қатар, студенттеріміз іс-шарада Ұлттық кітапхана қорынан Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесімен танысып, еліміздің зиялы қауым өкілдері мен ақын жазушыларымыздың сырлы әңгімелерін тыңдап қайтты.