СЕРТИФИКАТТАУ/АККРЕДИТТЕУ

https://drive.google.com/drive/u/3/my-drive

АККРЕДИТТЕУ

2017 жылдың 16 қарашасында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің өкілі, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі жоба менеджері Ринат Гаптулханович Гасымов институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша стандарттар мен нұсқаулықтарды зерделеу бойынша кіріспе семинарын өткізді.

Семинарға колледждің барлық бөлімдері: әкімшілік, оқытушылар, қызметкерлер қатысты. Бөлімшелердің өкілдері аккредиттеу бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті.
Семинар нәтижесінде сертификаттар табыс етіліп, аккредиттеу бойынша өзіндік есеп дайындау жұмыстарының бағыты анықталды.