Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры

Колледж кітапханасы ҚР БжҒМ «Кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасы» 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 бұйрығымен бекітілген үлгісіне және кітапхана ісі жөніндегі құжаттарды бекіту туралы 2003 жылғы 18 шілдедегі № 508 ҚР БжҒМ «Білім беру жүйесінің кітапханалары» және оқу жылына арналған жұмыс жоспары үлгісіне сәйкес жұмыс істейді.

АТКК кітапханасы «Кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасының»

ақпараттық, мәдени-ағарту бөлімшесі болып табылады. Кітапхананы пайдаланушылар: студенттер, оқытушылар, колледж қызметкерлері. Қор  баспа басылымдарындағы және электронды тасымалдағыштағы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерден тұрады. Кітап қорын толықтыру ҚР БжҒМ мен Көлік және Коммуникация Министрлігінің нұсқаулары, «Қазақстан теміржолы» АҚ, «Экономтрансконсалтинг» ЖШС, «Кітап» баспалары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Жазушы», «Фолиант», «Маршрут», «Академкниг» , «Мектеп», «Атамұра», кітап дүкендері, оқу және білім беру ұйымдарының баспа орталықтарынан сатып алынады. Сондай-ақ кітапхана қоры студенттердің, оқытушылардың және басқа да оқырмандардың жеке кітапханаларынан сыйға тартқан кітаптарымен толықтырылады. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры да оқытушылардың жеке әзірлемелерімен, пәндер бойынша қағаз және электронды тасымалдағыштағы оқу-әдістемелік кешендерімен толықтырылады.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттер өз мамандығы бойынша орыс тіліндегі әдебиеттерді пайдалана алады, сонымен қатар колледж оқытушылары әзірлеген мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік кешендер – дәрістер, зертханалық және практикалық жұмыстар, пәндер бойынша бақылау жұмыстары және т.б әдебиеттерді қолдана алады.

Кітапханада пәндік циклдік комиссиялармен бірге ғылыми-тәжірибелік конференциялар, музыкалық-әдеби кештер өткізіледі (мысалы: Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» кітабына арналған оқырмандар конференциясы, Оралхан Бөкеевтің 70 жылдық кеші, М.Мақатаевтың «Бүгін менің туған күнім» кеші, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күгі, «Жүректен – жүрекке» іс-шарасы «Махаббатпен саған», «Бөбек» қорының 20 жылдығына, «НПООК» қорының 15 жылдығына, Темір жолы-Өмір жолы бейнефильмдері және т.б. өтті.

Кітапханада әртүрлі тақырыптық кештер өткізіледі. Бұл кештер библиографиялық шолулармен сүйемелденетін лекциялар, кітапхана көрмелерін көрсету; қызықты адамдармен (жазушылар, теміржолшылар) кешкі кездесулер; кітап көрмесі, әдеби-сазды кештер, музыкалық жазбалар мен электронды тасымалдағыштарды тыңдау арқылы күннің қаһарманының хикаясына арналған портреттер мен «оқырмандар игілігі» кештері; кино түні, кітаптың (журнал, жаңа газет) премьерасы (презентация). Колледж кітапханасының оқу залында ақпараттың көрнекі формалары ұйымдастырылып, әдебиеттік ұсынымдар жаңа меңгерулерді кеңінен көрсетуге және оқуды ұйымдастыруға қатысты тақырыптар бойынша әдебиеттерді тақырыптық көрсетуге негізделген. Кітапхана көрмесі – көрнекі ақпараттың негізгі түрі.

#Оқуға құштар колледж

Зав.библиотекой: Биттибаева Ултуар Баубековна

Библиотекарь –  Курманбаева Айнагуль Избасаровна

Тел.+7(727) 393-52-38
Режим работы библиотеки:
с 9.00 до 18.00, во время сессии: с 9.00 до 20.00.
Последний рабочий день месяца- санитарный день.


ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА АКЖТ