Оқу-материалдық база оқу процесін қамтамасыз етеді және дене шынықтырумен және спортпен айналысуға мүмкіндік береді.

Спорт залы, жалпы ауданы 863,4 ш.м. Спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, қолжуғыштар мен душтар бөлек, өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілген. Жабдықталған баскетбол және волейбол алаңдары, үстел теннисі үстелдері және басқа да спорт жабдықтары бар. Жалпы ауданы 876,3 шаршы метр ашық стадион футбол ойындары мен ашық ауада демалуға арналған.