ЕРЕЖЕЛЕР

 Алматы темір жол көлігі және логистика колледжіне 2023-2024 оқу жылына қабылдау

 Алматы темір жол көлігі колледжіне негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

  • Колледжде оқу студентті оқытуға кеткен шығынды толық өтей отырып, келісім-шарт (ақылы) негізінде және жергілікті бюджеттен бөлінген гранттар негізінде жүзеге асырылады.
  • Кәсіптік (бастауыш техникалық кәсіптік және орта кәсіптік) білімі бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қысқа мерзімде қабылданады.
  • Колледжге оқуға түскен кезде Заңның 26-бабының 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға қабылдау квотасы беріледі.
  • Алматы темір жол көлігі колледжінде оқуға тұлғалардан өтініштерді қабылдау, білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымының басшылары қабылдау комиссиясын құрады, ол өз жұмысын 2023 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.

Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.Білім беру ұйымдарында оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау күндізгі оқу нысаны бойынша 20 маусымнан 25 тамызға дейін, сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

  • Колледжге түсу туралы өтінішке талапкерлер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, нысандағы медициналық анықтаманы қоса береді. No 086-У фотофлюорофото қоса тіркеліп (1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлеміндегі 4 дана фотосурет, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы анықтама. (бұдан әрі – ҰБТ).

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын құжатты:

  1. шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  2. азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  3. босқын — босқын куәлігі;
  4. пана іздеуші – пана іздеушінің куәлігі;
  5. оралман — оралман куәлігі.

Үміткерлердің өтініштері білім беру нысандары бойынша білім беру ұйымының тіркеу журналдарында тіркеледі.

  • Колледжге тұлғаларды қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

Конкурс өткізіледі: ҰБТ сертификатының ұпайлары негізінде; сертификат негізінде.

  • Студенттер құрамына қабылдау жүзеге асырылады:

1) күндізгі оқу нысаны бойынша – 25 тамыздан 31 тамызға дейін;

2) сырттай, қашықтықтан оқыту нысаны бойынша – 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін.

  • Колледжге қабылдау қабылдау комиссиясының ашық отырысында кәсіп, мамандық бойынша бөлек жүргізіледі.
  • Қабылдау комиссиясы қабылдау емтихандарының нәтижелері бар сертификаттар немесе белгіленген үлгідегі мемлекеттік аттестаттардың негізінде басқа оқу орындарына конкурстан өтпеген адамдарды бос орындарға қабылдауға құқылы.