Алматы темір жол көлігі колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2021-2022 оқу жылына өткізілген жұмыстар бойынша есебі.

Алматы темір жол көлігі колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының талаптарын мүлтіксіз орындауға қол жеткізу бойынша іс-шаралар атқарылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарымен қызметкерлермен таныстырылып, толық мағлұмат беріліп, заңның мүлтіксіз орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Колледж қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының талаптарын мүлтіксіз орындауға арналған семинар өткізілді, семинарда колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульнур Есетовна заңдарды кеңінен талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар Алматы темір жол көлігі колледжінің педагогикалық кеңесінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жоспардың орындалу барысы» атты баяндамасын өз есебін берді.

Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуржанова Гульнур Есетовна колледж қызметкерлерін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен қызметкерлерді толық таныстырып, түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізді.

Алматы темір жол көлігі колледжінің сайтында және инстаграмм әлеуметтік желісінде колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жасалған іс-шаралардың бірқатары орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс жасайтын комиссия құрамына студенттерді, жұмыс берушілерді, демеушілерді, ата-аналарды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде енгізе отырып, этика, академиялық адалдық комиссиясы құрылып, комиссия колледжде сыбайлас жемқорлықты болдырмау іс-шараларын жүргізуде. Студенттер арасында әртүрлі ашық тәрбие сағаттары, дебаттар, іскерлік ойындар өткізілді. Ата-аналардың арасында маусым айында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған» тест сұрақтарын алу мен әрбір топтың ата-аналар комиттеттеріне, жаздық сессияға шақырту жоспарланып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу істері бойынша, колледж студенттерінен тест сұрақтары алынып, оның нәтижесі Алматы темір жол көлігі колледжінің сайтына орналастырылды.

Колледж оқытушыларымен «Аманат» партиясы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлескен отырыс мамыр айының аяғында өткізу жоспарлануда.

«Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің санын көбейтіп, студенттермен, «Парасатты азамат» бұрышы жасалды, тақырыптық жоспарларға сәйкес ашық сабақтар ұйымдастырылды, Ата-аналар жиналысын өткізілді, «Қоғамдық тәртіп негіздері» дәріс тыңдалды, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» апталығы өткізілді.

1-4 курс студенттерінен «Саналы ұрпақ» тақырыбы бойынша тест алынды, «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты шығарма жазылды, «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» пікірталасы, «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел, «Адал және сатылмайтын еңбек» ашық тәрбие сағаты, «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталасы, «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» атты ашық тәрбие сағаты, «Адал ұрпақ-еліміздің аманаты» атты 2-курстар аралығында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Сонымен қатар апталық барысында, «Жас жалын» жастар комитетінің мүшелері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» бойынша, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты видеоролигін түсірді.