Бүгін, 13 қыркүйек күні келе жатқан “Республика күніне” орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Бейбіт өмір, Отан, сенің құшағың!» атты жас ақындардың поэзия кеші өтті. Кешке кітапхана жанындағы «Жас қалам» клубының мүшелері, «Жартылыснама» даналық академиясының шәкірттері, Алматы темір жол көлігі колледжінің студенттері, кітапханашылар қатысты. Кештің ең кішкене қонақтары Сара Ұланқызы мен үшке толмаған Бүбі Ұланқызы өлең оқып бәрімізді сүйіндірді. Кеште 6 жасынан жыр жаттап, біздің орт