01.02.2023 күні, колледжіміздің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында болып тұсаукесер шараға қатысты. Онда ақын, философ Мұратхан Шоқанның бастамасымен Өзбекстанда өзбек тіліне аударылып жарық көрген Қазақстанның 20 жас ақынының өлеңдері енген «Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті. Айтулы шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, «Тұлға-достық» клубының мөшелері, Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі, бас консулы қатысты.
Студенттер Қазақ және Өзбек әдебиетінің бір — бірімен қарым-қатынасына куә болып өнеге алып қайтты.