Ақжт tech_lab техникалық зертханасы
2017 жылы дарынды оқушыларды қолдау және қосымша сабақтарды өткізу мақсатында «АҚЖТ» ӨО жанынан электроника, бағдарламалау және робототехника негіздерін және материалдарды өңдеу, микроконтрольды техника, информатиканы оқытатын «Ақжт тех lab» техникалық зертханасы ашылды. Студенттер құрылғыларды толық пайдалану және қосу үшін әртүрлі бағдарламаларды жазуды үйрене алады. Студенттерге құрылғының сызбаларын, схемаларын және бағдарламалық жасақтамасын тікелей жобалауға, әзірлеуге, тақтаны өз қолдарымен жасауға, компоненттерді орнатуға, корпусты таңдауға, іске қосуды орындауға, кемшіліктерді анықтауға, оларды жоюға, тіпті оларды оқуға процессіне енгізуге мүмкітері болады.
Сондай-ақ әрбір құрастырылған құрылғыға толық ілеспе құжаттаманы (соның ішінде бухгалтерлік есеп) жүргізу бойынша оқыту жүргізіледі.
«Akzht tech_lab» зертханасында:
- оқу жобалары оқу құралдарына сәйкес әзірленген;
- модельдер, тренажерлар жасалған;
- оқу үрдісіне арналған көрнекі құралдар жасалған;
Колледжде жеке жоба ретінде зертхананың функцияларын кеңейту үшін бірнеше түрлі бағыттар жоспарлаған. Жобаның мәні сыртқы дамуға бағытталған:
- «Студенттерді робототехника бағыттарына тарту (зертхана меңгерушісімен бірге түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысу түрінде);
- Баламалы энергия көзін қолданатын құрылғыны жасау және оны өндіріске енгізу;
- Электрониканы, робототехниканы танымал етуді ұйымдастыру.
«Ақжт tech_lab» техникалық зертханасының құрамына әр кафедрадан 34 студент кіреді. Электронды және жүйелік техниктер арасындағы ALMATY ROBOMAN-2017/2018 байқауының қорытындысы бойынша В-3Г тобының студенті Елемесов М.2 орын, В-3 тобының студенті Ауғанов А.3 орын алды.