Сіздерді Алматы темір жол көлігі және логистика колледжінің ресми сайтында көргеніме қуаныштымын!
Сіздің алдарыңызда қазір қиын және өте жауапты таңдау тұр. Бұл -болашақ мамандығыңызды таңдау. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әлемдік экономикалық дағдарыс күшеюде. Бүгінгі танда жалақасы жоғары және сұранысқа ие мамандық алу мүмкіндігі жарқын және тұрақты болашаққа апарар жол.
Колледждегі оқу процесі заманауи оқу-техникалық базаның арқасында жүзеге асады. Нақты білім мен тәжірибені қолжетімді және оңай игеруді қамтамасыз етеді. Колледж өз студенттеріне әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектесе отырып, жетекші көлік компанияларында тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
Білім алу таңдауы, университет таңдауы, колледж таңдауы – әрбір жастың өміріндегі аса маңызды шешім. Колледждегі білім — өз қатарластарынан әлдеқайда ертерек тәуелсіз өмір мен мансапты бастаудың тамаша мүмкіндігі. Колледжде білім алып, өз табысынызды ала отырып, сіз отбасыңызға ертерек қолғабыс бола бастайсыз. Себебі колледж дипломымен сіз жоғарғы оқу орнына қарағанда тезірек жұмысқа тұрып, өз салаңыздың маманы бола аласыз. Практика тұрғысынан колледж түлегі жоғарғы оқу орны түлектерінің алдында артықшылықтарға ие. Ол ата-анасы мен достарының көмегінсіз, оқу мансабын жалғастыру немесе жұмысқа бару — жеке өмірін реттеу туралы шешім қабылдай алады. Алматы теміржол көлігі және логистика колледжі 2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан өте жақсы нәтижемен өтіп, мемлекеттік лицензияға ие болды, яғни мемлекеттің қатаң бақылауында. Колледж ISO 9001:2008 сапа менеджменті стандартының сертификатына ие. Бұл біздің дипломымыз білім сапасының халықаралық стандартына сәйкес келеді және әлемнің кез келген жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді деген сөз. Колледждің негізгі міндеті – қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие сауатты және білікті практик мамандарды дайындау.«Нұрлы жол» бағдарламасы туралы естіген боларсыздар? Бұл бағдарлама «Елде дағдарыс болса, жолдар мен ауруханалар салынса, елді дағдарыстан алып шығады» деген белгілі сөздің дәлелі. Картада 2020 жылға дейін бірнеше ауқымды жобалар жоспарланған. Бұл – Хоргос – Жетіген, Өзен – Қорған, Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл, Хоргос құрғақ порты, т.б темір жол желілерінің құрылысы. Қазірдің өзінде бос жұмыс орындарының саны 13 000 орынды құрайды, жоспарланған желілер салынғаннан кейін олардың саны үш есеге артады. Бұл еңбек нарығындағы сұранысқа кепілдік береді. Әркім өз еңбегі үшін лайықты жалақы алғысы келеді, солай ма? Орташа жалақы бойынша 2016 жылдың желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша көлік және қойма секторы екінші орында және жалақы шамамен 170 000 теңгені құрайды. Бірінші орында 264 575 теңгені құрайтын кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметтер.Біздің колледждің түлектері «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «КЕГОК», «Алматы Метрополитен», «Қазақтелеком», «Кедентранссервис», «Universal logistics», VRZ және т.б. сияқты ірі озық көлік компанияларында жұмыс істейді. Дағдарыс жағдайында да экономистер мен менеджерлердің көпшілігі жұмыстан босатылған кезде, сіздер жұмыссыз қалмайсыздар.Біз сізге шәкіртақымен білім грантын алу мүмкіндігін береміз. Колледжге түскен кезде сіз тест түрінде қабылдау емтихандарын тапсырасыз. Осы сынақтың нәтижесі бойынша сіз грант алу мүмкіндігіне ие боласыз.Нәтижелер күткеніңізге сәйкес келмесе, уайымдамаңыз! Бізде «ҚТЖ» ҰК» АҚ білім гранты мен атаулы шәкіртақы алуға тағы бір мүмкіндігіміз бар. Сіз колледж оқытушыларының қатаң басшылығымен ғылыми жұмыс әзірлейсіз, біз оны Астанаға жібереміз және сізге тағы бір мүмкіндік беріледі. Әрекеттер саны шектелмейді.Колледждегі оқу процесі заманауи оқу-техникалық базаның арқасында нақты білім мен тәжірибені қолжетімді және оңай игеруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сіз университетте күндізгі және сырттай оқу түрлерінің қысқартылған бағдарламасы бойынша оқуыңызды жалғастыру мүмкіндігіне ие боласыз (сіз 3-курсқа түсесіз).Біздің колледжде оқу арқылы сіз тәжірибе алу мүмкіндігіне ие боласыз, бұл сіздің болашағыңызға үлкен әсер етеді. Егер сізде тәжірибе болса, сізде оқуды бітіргеннен кейін тез жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады.Колледж өз студенттеріне жетекші көлік компанияларында тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді, әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектеседі. Қазіргі уақытта келесі көлік кәсіпорындарымен келісім-шарттар жасалған: «Кедентранссервис», «Қамқор Вагон» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Алматы бас сигнал беру және байланыс станциясы», «Вагонсервис» АҚ, «Жол жабдығын жөндеу» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолдың Алматы филиалы, Алматы локомотив депосы, «Patentes Talgo S.L.» С.Л., Алматы вагон жөндеу зауыты, «AKTAN GROUP» ЖШС, «Локомотив» АҚ, т.б.Біз студенттеріміздің бос уақытын ұйымдастырып, қызықты және пайдалы өткіземіз. Футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, армрестлинг, еркін күрес, би және гимнастика бойынша тегін секциялар ұйымдастырылған.
Біздің студенттер колледж серіктестерінен 50%-ға дейін жеңілдіктер алады: KAZKOR автомектептері, жүргізуші көмекшілері курстары. Өзге қалалармен өңірлерден келген студенттер үшін колледж жатақханасынан бөлмелер қарастырылған, өмір сүруге жайлы жағдай жасалған.
Болашақ мамандығыңды дұрыс таңдап, мақсатыңа бір қадам жақындауыңа шын жүректен тілектеспін! Қалиев Алмаз Айдарбекұлы, Алматы темір жол көлігі және логистика колледжінің директоры
Для обратной связи:
Адрес: пр. Достык-108, офис 201 (угол.пр.Абая)
Телефоны: +7(727) 3851001, +7(778)1104466, + 7(707)1104466
e-mail: akzht@mail.ru
web-site: www.akzht.kz
instagram: akzht_almaty
vk: Акжт Алматы