«Ұлы Жеңіс – Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»
“Отты жылдардың өшпес шежіресі”
Бұл – жанқияр ерлік пен қайсар рухтың мәңгілік естелігі.
Жеңіс жолында құрбан болғандардың рухына тағзым,
бейбіт өмір сыйлаған ұрпаққа алғыс.
Тарихты ұмытпайық, ерлікті ұрпаққа үлгі етейік.

“Ешқашан соғыс болмасын” эссе байқауы өтті
Бүгін колледжімізде бейбітшілік пен адамгершілікке үндейтін “Ешқашан соғыс болмасын” атты эссе байқауы өтті. Студенттер жүректен шыққан шынайы ойларын, бейбіт өмірге деген үмітін қағаз бетіне түсіріп, терең ой мен сезімге толы шығармаларын ұсынды.
Бұл шара жастардың рухани тәрбиесін арттырып, тарихтан сабақ алуға үндеді.

Бейбіт күннің қадірін білейік!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл біріңғай ерлік сабағы әскери қызметшілер мен Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты – отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізу, батыр бабалардың ерлігін құрметтеп, олардан өнеге алу. Сабақ барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, ерлік пен отан алдындағы борыш жайлы сыр шертеді. Шара жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел қорғаны – әскери қызметтің маңызын ұғындыруға бағытталған.