«Ұлы Жеңіс – Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»
«Ұлы тұлғалар» саяхат сабағы аясында студенттер батырларымыздың ерлігі мен өмір жолы туралы мәліметтерді зерттеп, видео арқылы таныстырды. Бұл жұмыс арқылы олар ел тарихындағы ерен ерліктерді зерделеп, патриоттық саналарын арттырды. Саяхат сабағының мақсаты – өскелең ұрпаққа батырлықты насихаттап, тарихи тұлғалардың өнегелі жолын үлгі ету.