Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
«Туған жерім менің — Қазақстаным»
қашықтық республикалық байқауына колледж студенттері қатысып, жүлделі болды!

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақта азаматтылық және патриоттықты
қалыптастыру және дамыту, еліміздің дарынды балалары мен жастарын анықтау және
қолдау, олардың интеллектуалды, шығармашыл және эстетикалық дамуы.
Байқауды Нұр Сұлтан қаласы, «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы өткізді.
«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша  Отанына, Қазақстан
Республикасына деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздіктің қалыптасуы туралы және т. б. өлеңдерді
мәнерлеп оқудың бейнежазбасы ұсынылды.
Жүлделі студенттерімізді құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер деп, Ал жетекшісі Вера Ерғалиқызына @verazhunusova шығармашылық табыстар тілейміз!