Алматы, тел.:+7 727 385 10 01|akzht@mail.ru

Мұқағали Мақатаевтың — 87 жыл

Мұқағали Мақатаевтың — 87 жыл

IMG_4623

Мұқағали атамыздың туылған күнінің құрметіне 2018 жылдың 9 ақпанында «Студлидер» ұйымымен өткізілген іс-шарадан кішігірім “backstage” 🎥

“Кім білсін қаншама әлі шырқарымды

Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды

Мұқағали жоғалса қайтер дейсін

Жоғалтпаса болғаны ұрпағыңды” -деп жырлаған Хантаудың көгінде қалықтаған мұзбалақ ақын, халықтың ақтығы мен шоқтығын жырлаған өршіл, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына биыл 87 жыл толып отыр! ☝🏻 Өзі жырына қосқан ұрпағы бүгінгі күні ақынның әр өлеңін ән қылып айтып, ұстаным қылып, ғашықтарына оқып, ізін суытпай келеді. Бұл да бір қуаныш! ☺️ Осындай қуаныштарды жанына жалау еткен Алматы темір жол көлігі колледжінің студенттері 9 ақпан күні «Дариға жүрек» атты шығармашыл жастар сайысын өткізді. Қатысушылар ақынның ғибратты ғұмырына «арнау» арнап, әндерін айтып жарысты. Үзілістерде «Аққулар ұйықтағанда», «Фариза қыз» қойылымдары көрермен назарына ұсынылып, ақынның жырлары мәнерлеп оқылды.

Әр қатысушы бағалы кітаптарға иелі болып 📚, бас жүлде атағын жеңіп алғандар ақшалай сыйлықтарды 💵 ұтып алды. 😁

Ұлы тұлғалар жастар назарынан тыс қалмай, тарихтың өзі тағзым етсе нұр үстіне нұр! Осындай игі іс-шаралар әлі де жалғасады деп сенеміз!

Іс-шара өте жоғары форматта өтілді деген ойдамыз!☺

By | 2018-04-02T09:07:33+00:00 Июль 31st, 2012|Categories: Без рубрики, Новости|Tags: , , |0 Comments

About the Author:

Leave A Comment

X