Колледжімізде 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықаралық тілдер күніне орай «Тәрбие басы – тіл» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Елімізге белгілі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман келді. Асылы Осман апамыздың жастарға айтқан насихатын, ақыл-кеңесін тыңдадық. Студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, 1-курстар арасында «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» мәнерлеп оқу сайысы, тіл мерекесіне арналған қабырғалық газеттен жарыс өтті. Әуезді ән айтылып, мың бұралған бишілеріміздің биін тамашалап, домбырамен күй шертілді. Асылы Осман апамыз ақ тілегін, батасын беріп, мерекелік кешіміз көңілді өтті.