Тұңғыш Президент күніне орай “Jas Jalyn” жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған «Қазіргі заман батырлары» атты өз ісінің көшбасшылары, шеберлерімен өткізілген ашық кездесу…
Баршаңызды 1-желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екені сөзсіз. Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» — деген сөз бар. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1-желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президентіміздің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Ендігі мақсатымыз — егеменді елді одан әрі гүлдендіріп, межеленген бағдарламаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға бақ пен береке, шаңырағыңызға шаттық тілейміз! «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі мәңгілік биіктей берсін!